Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Геннадий Головкин Астанаға келді

Ел абыройын халықаралық аренада асқақтатып жүрген боксшыны Астана жұртшылығы құшақ жая қарсы алды. GGG ұлттық тағамдардан дәм татып, жиналған жанкүйерлерге алғысын айтты. Боксшы ертең «Цеснабанктың» бас кеңсесінде баспасөз мәслихатына қатысады.

— Баспасөз мәслихатына Геннадий Головкин «Цеснабанктың» әлеуметтік және қаржылық жобасының белді мүшесі ретінде қатысады. Алдағы уақытта  «Цеснабанк» АҚ пен Халықаралық «MasterCard» төлем жүйесінде қазақстандық боксшының суреті мен қолы қойылған банк карточкалары шығады. Кез келген жанкүйер сүйікті боксшысының бейнесі салынған банк карточкаларын ала алады, — деп жазады today.kz.

29 қаңтар күні Геннадий Головкин Алматыда баспасөз мәслихатын өткізеді. Тілшілермен өтетін кездесуде боксшы «Samsung Electronics» компаниясымен арадағы ынтымақтастық келісім туралы айта кететін болады.

Геннадий Головкин Астанаға келді

Геннадий Головкин Астанаға келді

Мақалаға реакция

5 Пікір

  1. Ә
    Әділ 10 жыл бұрын
    келгеніне қуаныштамын, мықты азамат
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Қош келдің Гена Отаныңа!
  3. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жузинен жылылык тогилип,карапайымдылыгымен бир тобе ози.
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жарайсын казак елин аскактатып журген азамат!
  5. А
    Алма 10 жыл бұрын
    жүзі жылыдан түңілме деп бекер айтпаған, бір иман жүзді жігіт