Геннадий Головкин Астанаға келді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Астанаға ат басын бұрды. 29 қаңтар күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізеді деп күтілуде.

Ел абыройын халықаралық аренада асқақтатып жүрген боксшыны Астана жұртшылығы құшақ жая қарсы алды. GGG ұлттық тағамдардан дәм татып, жиналған жанкүйерлерге алғысын айтты. Боксшы ертең «Цеснабанктың» бас кеңсесінде баспасөз мәслихатына қатысады.

— Баспасөз мәслихатына Геннадий Головкин «Цеснабанктың» әлеуметтік және қаржылық жобасының белді мүшесі ретінде қатысады. Алдағы уақытта  «Цеснабанк» АҚ пен Халықаралық «MasterCard» төлем жүйесінде қазақстандық боксшының суреті мен қолы қойылған банк карточкалары шығады. Кез келген жанкүйер сүйікті боксшысының бейнесі салынған банк карточкаларын ала алады, — деп жазады today.kz.

29 қаңтар күні Геннадий Головкин Алматыда баспасөз мәслихатын өткізеді. Тілшілермен өтетін кездесуде боксшы «Samsung Electronics» компаниясымен арадағы ынтымақтастық келісім туралы айта кететін болады.

ДереккөзМассагет
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент ҚХР Шыңжаң өлкесінің басшысын қабылдады

Президент ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады.

Сахна сырты: Әуезов театры артистері қойылымға қалай дайындалады?

27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры артистерімен әңгімелесіп қайттық.

Қазақстандағы коронавирус статистикасы. 30 наурыз

Қазақстанда кейінгі тәулікте 88 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі гран-приде үшінші жеңісіне жетті

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі ФИДЕ-нің әйелдер арасындағы гран-при кезеңінде үшінші рет жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы футболдан Данияны жеңді

Қазақстанның футболдан құрама командасы Дания командасын Еуропа-2024 чемпионатына іріктеу кезінде жеңді.

Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

“Қазгидромет” 26-28 наурыз аралығында Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жариялады.