«Molooqo» журналы арқылы туризмнің дамуына үлес қостық — Ян Серкин

Жетісу жеріндегі Іле-Алатау, Алтын Емел, Шарын, Көлсай көлдері және Жоңғар Алатау бойында жасалған түсірілімдерді енді түрлі газет-журналдар мен сайттарда қолданылатыны айтылды. Осы арқылы елімізге туристердің көп келу мүмкіндігі артады.

««Molooqo» журналын дамыту барысында біз Жетісу жеріндегі таңғажайып жерлерді аралап, 50 ерекше түскен суреттерді жинадық. Жалпы Жетісу жері – шабыт мекені әрі туризмнің өркендеуіне таптырмас өлке болғандықтан біз туризм мен журналымыздың өрлеуіне үлкен үлес қостық», — деді «Molooqo» журналының арт-директоры Ян Серкин.

«Molooqo» журналының негізін қалағандар Ян Серкин мен Дастан Еркінұлы. Әлеуметтік журналдың аудиториясы 18-37 жас аралығындағы оқырмандар. «Molooqo» парақшасының ерекшелігі — салынған суреттер сапалы болып келеді.

Айта кетейік, аталмыш әлеуметтік парақша 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді.