Геннадий Головкиннің қарсыласы «Канело» 27 жасқа толды

Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласының туған күнін НВО телеарнасы назардан тыс қалдырмады. НВО телеарнасы Головкин — Альварес жекпе-жегін тікелей эфирден көрсететін болады.

«Канелоның» GGG-ден басты артықшылығы — оның жас ерекшелігі. Сарапшылар мен журналистер осы мәселе туралы жиі айтады. Сауль Альварес кеше ғана 27 жасқа енді аяқ басты. Ол отандасымыздан сегіз жасқа кіші.

Естеріңізге сала кетейік, «Головкин-Альварес» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» аренасында өтеді.

ДереккөзSports.kz