Геннадий Головкин: Мен бұл жекпе-жекті 20 жыл күттім

«Мен «Канело» сияқты қарсыласпен кездесуді 20 жыл бойы күттім. Сауль Альварес басқалардан ерекше. Ол — нағыз чемпион. 16 қыркүйекте біз керемет бокс шоуын көрсетеміз», — дейді GGG.

Геннадий Головкин бапкері Абель Санчес даярлаған жекпе-жек жоспарын толық жүзеге асырғысы келетінін де айтты.

GGG мен «Канелоның» жекпе-жегі Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне арналған билеттердің бәрі сатылып кеткен. Жекпе-жекті HBO  арнасы тікелей трансляция арқылы көрсетеді.

ДереккөзVesti.kz