Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альварестен кейін кіммен кездесуі мүмкін?

Boxingnews24.com сайтының болжауынша, WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Сауль Альварестен (49-1-1, 34 КО) кейін мекикалық боксшымен қайта кездесу (реванш) өткізуі ықтимал немесе Билли Джо Сондерспен, Андре Уордпен, Дэниэл Джейкобспен, Джермалл Чарломен, Давид Лемьемен, Джордж Гроувзбен, Джеймс Дигейлмен, Каллум Смитпен немесе Хильберт Рамирес секілді боксшылармен кездесуі өткізуі мүмкін.

Айта кетейік, Головкин — Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастың «T-Mobile Arena» спорт кешенінде өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-де тікелей эфирден көрсетіледі. Алайда, Геннадий осы жекпе-жектен соң кәсіби бокстан кетуі мүмкін екенін де айтты. 

ДереккөзVesti.kz