Өскеменде «Нұрлы жол» саябағы ашылды

Жаңа саябақ бұрын бос жатқан жер учаскесіне салынған. Оның жобасы ландшафтты дизайнда жасалды. «Нұрлы жол» саябағында драма театры, мектеп пен оңалту орталығынан тұратын заманауи кешен орналасқан.

«Алдағы уақытта саябақтың жанынан көпқабатты үйлерден тұратын тұрғын үй кешенін саламыз», — деді монумент архитекторы Сәрсен Сейітов.

Саябақтағы ең басты кешен — «Нұрлы жол» атты басты монумент. Сәрсен Сейітовтің айтуынша, монументтің екі стелласы еліміздің туымен түстес, бұл Еуропа мен Азия құрлықтарының тоғысуын білдіреді. Оларды шаңырақ біріктіріп тұр. Стелланың үстіне алтын түстес Қыран құстың бейнесі жасалған.

ДереккөзInform.kz