Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Мұрат Дәрібаев тағайындалды. Ал бұған дейін әкімнің орынбасары лауазымында болған Румиль Тауфиков басқа жұмысқа ауысады.

«Қала әкімінің жаңа орынбасары инженер-құрылысшы, экономист, Алматы автожол институты мен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тамамдаған. Ол Қостанай облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің өнеркәсіп Комитетінің төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Бүркіт» Мемлекеттік авиакомпания» РМК директорының бірінші орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас инспекторы, аппарат басшысы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры, ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттіктің көлікті реттеу және телекоммуникация жөніндегі департамент директоры, ҚР индустрия және сауда министрлігі шағын бизнесті қолдау жөніндегі Комитет төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі және басқа да қызметтерді атқарды»,- деп хабарлады Алматы қаласының ресми интернет-ресурсы.