грант
Көрнекі сурет

Биыл ҰБТ жаңа форматта өтеді. Алдымен мектепте дәстүрлі емтихан, кейін жоғары оқу орындарына түсуге арналған тест тапсыру жоспарланған.

Оқушылар 5 пән бойынша 120 сұраққа жауап беруі тиіс. Ол үшін 3 сағат 50 минут уақыт беріледі.

“Жаңа форматтың ішінде пәндер өзгерген. Оның ішінде бес пәннің үшеуі міндетті, екеуін талапкердің өзі таңдайды. Үш міндетті пәннің ішінде Қазақстан тарихы, математика сауаттылығы, оқу сауаттылығы деген пәндер кіреді. ҰБТ өткізетін 165 пункт бар. Ол жерде технология бойынша ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы бұрынғы жылдардай”, – дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!
1 пікір
  1. мен кридит жабатын едим зейнет акымды берсе бирак бермейтин шыгар.

Пікір қосу