18 шілде: бұршақ жауады

18 шілде күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді деп күтілуде. Республиканың батыс және оңтүстік аймақтарында ғана ауа райы жауын-шашынсыз.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман басады.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарында бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе мен Маңғыстаудың кей жерлерінде, Алматыда қатты ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан, Кызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.