Жаяу жүрудің жеті артықшылығы
- Жаяу серуендеу жаттығу жасауға уақыты жоқ адамдар үшін ыңғайлы. Күні бойы жұмыста отырып, кешке жарты сағат жаяу жүргеннің өзі шаршауды басады.
- Жаяу жүру адамның миын тынықтырады. Табиғат аясында серуендеу жақсы ойлардың туындауына себепші болады.
- Ұйқысыздықтан зардап шегіп жүрсіз бе? Ұйықтар алдында таза ауада жаяу серуендеу бұл мәселенің шешімін табуға көмектеседі.
- Тамақтан кейін жаяу жүру ас қорыту процесін жақсартады.
- Жаяу жүру артық салмақтың алдын алуға көмектеседі.
- Жаяу жүру бұлшық еттерді шынықтырады.
- Қан қысымын бірқалыпты ұстау үшін күнделікті серуенді әдетке айналдыру керек.