Жаяу жүрудің жеті артықшылығы

  1. Жаяу серуендеу жаттығу жасауға уақыты жоқ адамдар үшін ыңғайлы. Күні бойы жұмыста отырып, кешке жарты сағат жаяу жүргеннің өзі шаршауды басады.
  2. Жаяу жүру адамның миын тынықтырады. Табиғат аясында серуендеу жақсы ойлардың туындауына себепші болады.
  3. Ұйқысыздықтан зардап шегіп жүрсіз бе? Ұйықтар алдында таза ауада жаяу серуендеу бұл мәселенің шешімін табуға көмектеседі.
  4. Тамақтан кейін жаяу жүру ас қорыту процесін жақсартады.
  5. Жаяу жүру артық салмақтың алдын алуға көмектеседі.
  6. Жаяу жүру бұлшық еттерді шынықтырады.
  7. Қан қысымын бірқалыпты ұстау үшін күнделікті серуенді әдетке айналдыру керек.