Рич Чейни есімді журналист Boxing News Results сайтындағы мақаласында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңу үшін қандай әдіс-тәсіл қолдану керектігін айтты. Журналист GGG-ға кәсіпқой бокстағы «ескі әрі тексерілген» стратегияларды қолдануға кеңес берді.
Генаның бапкері Абель Санчес те алдағы жекпе-жекке қатысты бірнеше жаңа ойы барын айтқан болатын.
Мақала авторының пікірінше, «Канеломен» жұдырықтасқанда GGG мына жоспарға сүйенуі керек:
- «Соққыны үздіксіз жасап, «Канелоны» нокаутқа түсіруге тырысу;
- Қашықтықтан джебпен ұру. Осы арқылы ол «Канелоның» кемшіліктерін пайдалана алады. Сауль Альварестің қолының қысқалығы және қашықтықтан жұдырықтаса алмауы Геннадий Головкинге ұпай қосады;
- Жекпе-жекті үздіксіз шабуылдан бастап, «Канелоның» шыдамдылығы жоғын пайдалану және оның арқанға асылып демалуына жол бермеу;
- «Канелоның» сол жақ контрахугынан сақтанып, өзін қорғауды да ұмытпау керек, сосын оның ішінен соққы жасау қажет, оның ең осал тұсы осы;
- «Канелоның» денесіне соққы жасап, басына тиіспеу керек. Себебі, оны басынан ұрып құлату қиын, есесіне денесінен ұрған тиімді. Остин Трауд және Флойд Мейвезер осыған ұқсас амалдар жасаған. Олар мексикалық панчер жұдырықтасқан боксшылардан ақылдырақ болды;
- «Альвареске жақын келгенде басымдық беріп қоймау керек», — делінген сарапшы журналистің ескертпесінде.