Боксшы Жанат Жақиянов үшін арнайы белбеу жасалды

33 жастағы жерлесіміз Жанат Жақиянов қазір WBA (Super) белбеуінің иегері.

Биыл 11 ақпанда ол АҚШ-тың Толедо қаласында 30 жастағы америкалық Роуши Уорренді жеңіп,  WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеулерін алған болатын. Жанат Жақиянов кейін өз еркімен IBO чемпиондық белбеуінен бас тартты. Осыған орай, Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы WBА (Super) бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов үшін арнайы белбеу жасап шығарды.

Жанат Жақиянов келесі кездесуін ОАР елінің намысын қорғайтын Золани Тетеге қарсы өткізуі мүмкін.

ДереккөзVesti.kz