«Завод Электрокабель» ЖШС компаниясы салған емханада алғашқы медициналық-санитарлық көмек, колоректальді обыр мен асқазан ауруларының белгілерін анықтайтын скринингтік зерттеулер жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ, рентген диагностикасы, офтальмология, оториноларингология кабинеттері бар.
Емханаға күз айларында қозғалысы қиын жандар үшін сауықтыру кабинеті жұмыс істейді.
Айта кетейік, жаңа мекемеде Наурызбай ауданының тұрғындары үшін электронді тіркеу, Call-орталық пен жедел медициналық бригада қызмет көрсетеді.