Наурызбай ауданында жаңа №36 емхана ашылды

«Завод Электрокабель» ЖШС компаниясы салған емханада алғашқы медициналық-санитарлық көмек, колоректальді обыр мен асқазан ауруларының белгілерін анықтайтын скринингтік зерттеулер жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ, рентген диагностикасы, офтальмология, оториноларингология кабинеттері бар.

№36 емхана
©almaty.gov.kz

Емханаға күз айларында қозғалысы қиын жандар үшін сауықтыру кабинеті жұмыс істейді.

©almaty.gov.kz

Айта кетейік, жаңа мекемеде Наурызбай ауданының тұрғындары үшін электронді тіркеу, Call-орталық пен жедел медициналық бригада қызмет көрсетеді.