Мерекелік тарту: Көкшетауда азаматтық қорғаныс саласында қос нысан ашылды

Елорда күнін атап өту асында пайдалануға берілген жаңа оқыту-жаттығу кешенінде келешек өрт сөндірушілердің кәсіби білім алуына,  теориялық білімдерін практикалық біліммен ұшастыруына барлық жағдай жасалынған.

«Студенттер спорт манежінің ғимаратындағы үш жолақты төрт қабатты өрт мұнарасында жаттыға алады. Бұл жаттығуды жыл бойы кез-келген мезгілде жүргізуге және биіктікте шынығуға мүмкіндік береді. Осындай тамаша нысандарды пайдалануға беру ақылы біздің колледж Астана күнін ел болып тойлауда өз үлестерін қосуда»,- деп атап өтті азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің басшысы Шоқан Қасым.