Ақмола облысында Елорданың құрдастарына құрмет көрсетілді

Кездесуде аймақ басшысы бас қаланың облыс үшін маңыздылығы мен беделіне тоқтала келе, әсем ғимараттармен көздің жауын алатын Астананың сәулетіне біздің облыс құрылысшыларының да еңбегі орасан екендігін ерекше атап өтті.

Көкшетау

«Астанаға мен 2008 жылы жұмыс бабымен келгенде Есілдің сол жақ жағалауында «Бәйтерек» пен «Ақордадан» басқа ештеңе болмаған-ды. Оны осыншалық тез арада көркейіп кетеді деп ойламаған едік. Қазір араға екі-үш апта салып барсаң, жаңа бір ғимараттың бой көтеріп жатқанын көресің. Сапар сайын таң қаласың. Осының барлығы да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бақылауымен жүзеге асып жатқан жетістіктер», – деп атап өтті аймақ басшысы өз сөзінде.