Меморандум: Сот пен адвокаттар алқасы ынтымақтастыққа келді

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров және Ақмола облысы адвокаттар алқасының төрайымы Ғалия Ибраева азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот өндірісінің қағидаларын сақтау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, татуласу рәсімдерін жан-жақты дамыту бойынша өзара әрекеттесуді нығайту, сот ісін жүргізуінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, судьялар мен адвокаттар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.