Бурабайда яхташылар бас қосты

Щучье көлінің жағасында ашылған «BurabayMarineClub» яхт клубының мүшелері айтулы шараға ұйытқы болған. Желкенді регат жарысына еліміздегі және Ресейдің Омбы, Екатеринбург тәрізді қалаларынан келген тәжірибелі және жас яхташылар қатысты.

Жарыс жеңімпаздары алты кезең бойынша анықталды. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған Ольга Шердакова бастаған Екатеринбургтік «Спрей» командасы жеңімпаз атанса, жүлделі екінші орын көкшетаулық Сергей Вороновтың «Очаг» командасы лайық деп танылды. Ал, Александром Порхоменко бастағы тағы бір көкшетаулық «Блюз» командасы үшін орыннан көрінді.