«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов әлеуметтік желіде осы туралы мәлімдеді.
«біз 1 шілдеден бастап Әділет министрлігімен және әкімдікпен бірлесе отырып Астанадағы «Санкт-Петербург» бизнес орталығындағы ХҚКО-да пилоттық жобаны іске қостық. Енді Азаматтық хал актілерін тіркеу желісі бойынша туу туралы немесе қайтыс болу жөніндегі куәлікті алу үшін ХҚКО-дағы қызметкерлерімізге өтініш жасауға болады», — дейді А.Оспанов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, егер осы пилоттық жоба сәтті жүзеге асатын болса, онда еліміздегі барлық ХҚКО-да куәлікті алу уақыты қысқарады.
«Біз осы ғимаратта АХАТ қызметкерлерімен бірлесе отырып, келіп түскен өтініштерді жедел қарайтын боламыз. Енді екі күнде алатын куәліктерді 3 сағатта алатын мүмкіндік болады. Оның өзінде 3 сағат – ол ең ұзақ уақыты. Негізінде құжаттар бірден өңделіп, дайындалады да, дайын болған бетте беріледі. Қазір біз үшін осы екі қызмет бойынша тіркеу мен құжаттарды әзірлеу кезіндегі жүктемені есептеу маңызды. Егер барлығы сәтті жүретін болса, Азаматтық хал актілерін тіркеу желісі бойынша құжаттар қабылдауды Еліміздің барлық ХҚКО-ларындағы мамандарымыз жүзеге асырады. 10-шы шілдеден бастап азаматтық хал актілерін тіркеуге қатысты қызметтерді көрсету мерзімін азайту жобасына елімізде тағы 46 ХҚКО қосылады», — деп жазды Аблайхан Оспанов.