24 сағат жұмыс істейтін екі ХҚКО ашылды

«Біз пилоттық жобаға мұқият мониторинг жүргіздік. Оны іске қосқан сәттен бастап сағат 20.00 мен 24.00 аралығы кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуге шамамен екі мың өтініш қабылданып, 506 құжат берілген. Осындай сұранысты көріп, біз түн ортасына дейінгі жұмыс кестесін Шымкент және Алматы қалаларындағы бөлімдерде де енгізуді шештік, себебі бұл екі қала халық саны бойынша ең үлкен қалалар», -деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов.

Жұмыс кестесі дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08.00-ден 24.00-ге дейінгі фронт-офистердің мекен-жайы:

  • Астана қ. Сауран 7;
  • Алматы қ., Әуезов ауданы, Жандосов к-сі, 51;
  • Шымкент қ., Қаратау ауданы, Нұрсат мөлтек ауданы, 24 мекен жайлары бойынша орналасқан.

Айта кетейік, қызметті алушыларға ыңғайлы болу үшін, мемлекеттік баж салығын осы бөлімдерде сағат 24.00-ге дейін төлеуге болады, себебі кассалар да «тәулік бойы» жұмыс режиміне ауыстырылған.

Сенбі күні бұл бөлімдер сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

ДереккөзBaq.kz