Балалар үйінің 25 тәрбиеленушісі халықаралық көрмені тамашалауға мүмкіндік алды

«Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» жобасы аясында 448 іс-шара ұйымдастырылды.

«Мектеп және арнаулы оқу орындарының түлектерін, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мекеме басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Облыстық партия филиалының ұйымдастыруымен «Айналайын» балалар үйінің 25 тәрбиеленушісі халықаралық көрмені тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл шараға партия белсендісі, облыстық мәслихаттың депутаты, партиялық куратор Касанов Усейн демеушілік көрсетті», — деді «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Қожағұлқызы.

«Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» жобасы балалар үйлерінің тәрбиеленушілер мен түлектерін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар аз қамсыздандырылған отбасыларын практикалық көмек көрсету жұмыстарына жұртшылықты тарту мақсатында жұмыс жасайды.

Айта кетейік,  жоба аясында «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы облыстағы балалар үйлерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.