Еламан Ерғалиев «Қазақстан Барысы-2017» атағын жеңіп алды

Бүгін, 2 шілде күні Астана қаласындағы «Барыс аренада» өткен турнирде 34 балуан өнер көрсетті. Күміс белбеуге Алматы облысының балуаны, тұңғыш «Қазақстан Барысы» Ұлан Рысқұл ие болды. Ал үшінші орын шығысқазақстандық Айбек Нұғымаровқа бұйырды.

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткен жекпе-жектің чемпионы Қаратамыр — Еламан Ерғалиевке 25 миллион, ал оның бапкері 3,5 миллион теңге сыйақы берілді. Сондай-ақ «Қазақстан Барысына» арнайы белбеу мен «Тайтұяқ» табыс етіледі.

Күміс белбеу иесі Ұлан Рысқұловқа 5,5 миллион, үшінші орынды еншілеген Айбек Нұғымаровқа 1 миллион 800 мың теңге берілді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады.