Атбасарлық боксшы Азат Махметов Ислам ойындарында жеңімпаз атанды

Аталмыш халықаралық жарысқа қатысқан атбасарлық боксшы Азат Махметов 52 келі салмақта жұдырықтасып, өткізген төрт кез- десуде де қарсыластарының сағын сындырды. Бірінші жекпе-жегінде ол түркімендік боксшымен айқасқа түсіп, айқын басымдықпен ұтты. Одан кейін Пəкістан, Алжир, Марокко елдерінен келген бокс- шыларды тізе бүктірді. Сөйтіп, атбасарлық былғары қолғап шебері халықаралық жарыстың жүлдегері атанды.

Қазір Азат Қазақстан құрама командасында бокстан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Манашевтың тəлімімен шеберлігін шыңдауда.