ЭКСПО билеттеріне жеңілдіктер енгізіледі

Үш билет сатып алған адамға  бір билет сыйға тартылады.

17 жасқа толмаған балалар демалыс күндері көрмеге тегін кіре алады. Ал, 12 жасқа толмаған баланы міндетті түрде ересек адам ертіп жүруі тиіс.

Сонымен қатар кешкі сағат 18:30-дан кейін көрмеге кіруге арналған «Кешкі» деген жаңа билет пайда болды. Ол жұмыс күндері 2000 теңге, демалыс күндері 3000 теңге тұрады. Жеңілдігі бар адамдар үшін билет құны екі есеге арзандап, жұмыс күндері 1000 теңге, демалыс күндері сәйкесінше —  1500 теңге болады.

ЭКСПО-2017 көрмесіне бірнеше мәрте кіруге мүмкіндік беретін абонемент алуға болады. Оның құны — 50 000 теңге. Жеңілдігі бар санаттағылар үшін — 25 000 теңге. Абонементті ЭКСПО-2017 ресми билет кассалары мен көрме алдындағы кассалардан сатып алуға болады. Билет алар кезде өізңізбен жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.