29 маусымдағы ауа райына болжам

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында 15-20 м/с екпіндегі жел шаңды дауылмен бірге көтеріледі.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Сондай-ақ күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының жекелеген жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.