Бұл жолғы ҚР Парламенті Сенатының депутаты сайлауына Ақмола облысынан екі үміткер: Дәурен Әділбеков пен Дамир Досхожин қатысты.
Дауыс берудің алдын ала шығарылған қорытындысына сай, депутаттықтан үміткер Дәурен Әділбековке барлық таңдаушылардың 94,5 пайызы дауыс берсе, Дамир Досхожинге 5,5 пайызы өз дауыстарын берді.
