Майк Тайсонның бапкері Головкинді жеңе алатын екі боксшыны атады

Ронни Шилдс атаған екі боксшы алғашқы орта салмақта өнер көрсетеді. Олардың біріншісі — WBA/IBO нұсқалары бойынша экс-чемпион кубалық Эрисланди Лара (24-2-2, 14 КО) мен IBF белбеуінің иесі америкалық Джермалл Чарло (25-0, 19 КО). Осы уақытқа дейін бұл боксшылар 2017 жылы орта салмаққа көшу туралы талқылаған болатын. Сондай-ақ екеуі де қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездескісі келетіндіктерін жариялаған.

«Меніңше, екі боксшының да жеңіске жетуге мүмкіндігі көп. Лара қашықтықта жұдырықтасу арқылы қиындықтар туғызуы мүмкін. Ал Чарло күшті джебімен және күшімен Головкинді жеңе алады. Олардың жұдырықтасу мәнері әртүрлі, бірақ жеңіске жетуге мүмкіндігі бар», — дейді бапкер Ронни Шилдс.

«Головкин — ұлы боксшы, Оның ұлылығын ешкім де тартып ала алмайды. Бірақ Лара — өз мүмкіндіктерін мықты боксшылармен тексеретін жігіттердің бірі. Ол Головкиннің 160 фунтта жұдырықтасатын мықты боксшы екенін біледі, сондықтан Лара Головкинмен жұдырықтасқысы келіп отыр», — деді Ронни Шилдс On The Ropes Boxing Radio басылымына берген сұхбатында.

ДереккөзVesti.kz