Геннадий Головкин Андре Уордпен кездесуі мүмкін

«Біз Головкиннің 168 фунтқа көтерілуі мүмкін екенін үнемі айтып жүрміз. Бұл салмақ дәрежесінде біз кіші Чавес, Фрочпен жекпе-жек ұйымдастыруға ниеттенген едік. Енді бұл салмақта Жилберто Рамирес кездескісі келіп отыр. Егер Уорд Ковалевпен өтетін екінші кездесуде жеңіске жетсе, біз алдағы уақытта онымен жекпе-жек ұйымдастыра аламыз»,- дейді қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер.

Бұған дейін Головкиннің Уордың жекпе-жек туралы көп әңгіме болған еді. Бірақ ол кезде GGG Лемьемен кездесетін болды. Содан кейін отандасымыз Котто — «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазын күткен.

«Алдымен Уорд пен Ковалевтің екінші кездесуі қалай аяқталатынын күтейік. Рамирес болса сәуірде шаршы алаңға шығады. Боб Арум Рамирес — Головкин жекпе-жегін ұйымдастырғысы келіп жүр» — деді Том Леффлер. 

ДереккөзVesti.kz