Қызылордада 3-6 жастағы бүлдіршіндер толығымен балабақшамен қамтылды

Қызылорда облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, қазіргі таңда облыста 790-нан аса (542  балабақша, 249 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 52 899 бала тәрбиеленіп жатыр.

Былтырғы жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымның желісі 79-ға өсіп, ондағы тәрбиеленушілер саны 5103  балаға көбейген. Оның ішінде 542 балабақшаның 158-і мемлекеттік. Облыс бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған жекеменшік балабақшаның үлесі 70 пайыздан асты.

2017 жылы 1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйыммен қамтылуы — 54,3 пайызды құраса, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы 100 пайызға жетті.

ДереккөзBnews.kz