Ақмола облысында қаза тапқан полицейлерге монумент ашылды

Ақмола облыстық ІІД ғимаратының алдына қаза тапқан полиция қызметкерлерінің есімдері қашап жазылған ескерткіш тақта мен монумент қойылды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель мен облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Сәденов қатысты.

Ер есімі ел есінде

Тәуелсіздігімізді алған ширек  ғасырдан астам уақыт ішінде өңірде 39 полиция қызметкері қаза тапқан екен.

Шара барысында жиналғандар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Осы күні 600-ден астам полийцейлер мен еңбек ардагерлері Ақмола облысының әкімі, Ішкі істер министрі мен облыстық ішкі істер департаменті басшысының алғыс хаттары жəне «Қазақстан полициясына – 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісіне ие болды.