Үстел басындағы этикет

Қонаққа, мейрамханаға, кафеге барғаныңызда. адамдар бірден сіздің әрекеттеріңізге назар аударады. “Біле ме екен, жоқ па?” деу – заңды құбылыс. Таныстарыңыздың алдында ұятқа қалмас үшін, үстел үстіндегі этикетпен қысқаша таныс болыңыз.

Негізгі ережелер

Ең алдымен, қалай отырғаныңызға мән беріңіз. Арқаңыз тік болу керек. Сол үшін орындықтың шетіне отырыңыз. Шынтағыңызды бүгулі болсын. Қолды қайда қоярды білмеген жағдайда, тізеге қойған дұрыс. Бұл тамақ келгенше күтудің жақсы амалы. Егер қонақта болсаңыз, үй иесі тамақ ішуге ұсыныс айтқанша күтіңіз. Ал, кешіккен қонақтарды күту міндетті емес.

Үстел басындағы этикет жайлы қысқаша

  1. Шанышқыны сол, пышақты оң қолмен ұстау керек;
  2. Тек шанышқы пайдаланылса, оң қолмен ұстайсыз;
  3. Асты шайнау кезінде шанышқы мен пышақ тәрелке үстіне қойылады;
  4. Нанды қолмен бөлу керек;
  5. Майды шанышқымен немесе арнайы пышақпен жағады;
  6. Балық сүйектерін арнайы пышақпен, ал етті шанышқымен бөледі;
  7. Жұмсақ ірімшікті нанның тіліндісіне жағуға болады, ал қатты ірімшікті шанышқымен тәрелкеге қояды.Үстел басындағы этикет
  8. Бірінші сорпа ішіледі, содан кейін еттің бөліктері желінеді;
  9. Ботқаны десертке арналған қасықпен жейді;
  10. Макаронды шанышқымен жейді. Спагетти тәрелкенің ортасына апарылып, аз бөлігін ажыратып алу үшін жоғары көтеріледі. Оны шанышқымен орап, бірден жейді;
  11. Сорпаны біткенше ішпейді, қасық әрдайым тәрелкеде тұруы керек;
  12. Кәуап шампурадан алынып, тәрелкеге салынады;
  13. Қарбыздың тілімін шанышқымен жейді;
  14. Егер шай стақанға құйылса, қасықты ішінде қалдыруға болады. Ал, саптыаяққа құйылса, қасықты алып тастау керек. Қантты қатты араластырмайды – өздігенен ерігенше күту керек.

Мейрамханадағы этикет

  • Ғимаратқа бірінші ер адам кіреді. Егер келушілер арасында ер адамдар мен әйелдердер аралас болса, бірінші қонақасына төлейтін адам кіруі керек. Ал, егер мейрамхана алдында швейцар күтіп алатын болса, әйел адам кіруі тиіс;
  • Егер әйел мен ер адам мейрамханада кездесу ұйымдастырса, ер адам белгіленген уақыттан 5 минут ерте келуі керек. Сырт киімін шешіп, алдын ала үстелді белгілейді. Содан кейін холда әйел адамды күтеді;
  • Егер қонақасы бірнеше адамға арналса, кешігіп жатқандарды 20 минут шамасында күту керек. Одан әрі кешіксе, тамақтануға кірісуге болады;Үстел басындағы этикет

Үстел басындағы этикет Сіздің өміріңізге әрдайым қажет. Оны ұстануыңыз тәрбиелі әрі мәдениетті екендігіңізді байқатады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!

Пікір қосу