Теледидар

Теледидар

«OFF» батырмасын басу арқылы біз теледидарды өшірдік деп ойлаймыз. Шын мәнінде бұл кезде теледидар тек «ұйқы режиміне» қосылады. Толық сөндіру үшін теледидарды тоқ көзінен ажырату қажет. Әйтпесе, ай сайын шамамен 150 теңгені электр энергиясы үшін бекер төлеуге мәжбүр боласыз. Кез келген құрылғы «ұйқы режимінде» аз мөлшерде болсын энергия тұтынатынын ұмытпаған жөн.

Телефон қуаттағышы

Телефон қуаттау

Телефонымызды қуаттап алған соң қуаттағыш құрылғыны тоқ көзінен ажыратуды қажет деп таппаймыз. Себебі, телефон заряд алмаса, тоқ көзі кетпейді деп ойлаймыз. Шындығына келгенде, қуаттағыш телефон зарядталмаса да электр энергиясын тұтына береді. Сондықтан электр энергиясын үнемдеу үшін қуаттағыштарды тоқ көзінен ажыратып жүріңіз.

Ноутбук пен компьютер

Ноутбук

Тоқ көзіне қосылып тұрған компьтер мен ноутбуктер электр энергиясының қас жауы. Себебі, өшірулі күйінде де бұл құрылғылар энергия тұтынады. Сондықтан, жұмыс істеп болған соң тек қана сөндіру батырмасын басу жеткіліксіз. Энергияның артық шығыны болмас үшін құрылғыларды тоқ көзінен ажыратып қою керек. Тіпті, кейбір компьютерлер «ұйқы режимінде» де қалыпты көлемдегі энергия тұтына алады.

Таймері бар құрылғылар

Қысқа толқынды пеш

Қазір тұрмыста қолданылатын техникалардың барлығы дерлік таймермен жабдықталған. Тұрмыстық техника жұмыс істемей тұрғанда да, таймер электр энергиясын «құпия» тұтынады. Демек, қысқа толқынды пеш, кір жуғыш машина, газ плитасы, қарапайым сағаттың өзі энергияның «қас жаулары» саналады.

Бұдан шығатын қорытынды: кез келген құрылғыны тоқ көзіне қосулы күйінде қалдырмау керек. Бұл электр энергиясын үнемдеу үшін ғана емес, қауіпсіздік шаралары үшін де маңызды. Тоқтың дұрыс келмеуі құрылғылардың зақымдалуына әкеп соғуы да мүмкін. Сондықтан, электр энергиясын үнемдеп, барынша сақтықпен пайдаланған дұрыс.