ЭКСПО-2017: Ардагерлерге көрсетілген құрмет

Елордадағы «Аққу» мейрамханасында ұйымдастырылған шарада соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтаған өңір басшысы елімізде мемлекет тарапынан аға ұрпақ өкілдеріне барынша қамқорлық жасалып отырғанына, бұл мәселенің жергілікті биліктің де үнемі назарында екендігіне тоқталды. Осы орайда, «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Ақмола облысының мəдениет күндері ең бірінші өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан аға ұрпақ өкілдерін құрметтеуден басталып отырғандығын атап өтті.

Өз кезегінде ардагерлер де Ақмола облысының мəдениет күндері мерейлерін өсірген, бір уақ ескеріпән мен жырға бөлеген облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді. Олардың арасында бұрынғы білім министрі Қожахмет Балахметов, облыстық атқару комитетінің төрағасы Зейнолла Шайдаров, қоғам қайраткері Светлана Жалмағамбетова сияқты бірқатар ардагерлер болды.