Бұл жайында Есіл ауданы әкімі аппаратының жиналысында айтылды.
«Көше саудасының 1000 орны» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге арналған бірыңғай киім үлгісі мәселесін шағын және орта кәсіп иелері талқылады.
Шағын және орта кәсіп иелері ұсынылған үлгінің қолайлығын есепке ала отырып, бірыңғай үлгідегі киімге үлкен қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, ІІД жергілікті полиция қызметі мамандарының көшедегі бейберекет сауда мәселелері бойынша жедел алдын алу шаралары кезінде аталған санаттағы кәсіпкерлерге құқық қорғау органдары тарапынан наразылық болмайды.
Кәсіпкерлік саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапқан ірі тігін фабрикалары бірнеше үлгідегі киім түрлерін ұсынды.
Кәсіпкерлердің жалпы дауыс беруі арқылы нысандарда киіп жүретін киімнің ортақ үлгісі таңдап алынды.
«Бұл ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес субъектілері арасындағы өзара ынтымақтастықтың көрінісі», деп санайды Астана кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мамандары.
Ведомство мамандары Нұржол саяжолындағы сатушыларға арналған бірыңғай үлгідегі киімдердің алғашқы кезеңінен кейін, басқа да көше саудасының өкілдері арасында да кең қолданысқа енгізілетініне сенімді.