Есілде өзен вокзалы салынады

«2008 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес «Есілдегі кеме арнасын дамыту» жобасы әзірленген болатын. Бүгінде аталған жоба үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Соның бірі – Есілдегі кемежай, яғни өзен вокзалын ашу. Қазіргі күні кемежай құрылысының нақты орны белгіленді, ол Ш.Бейсекова көшесінің төменгі жағында болмақ», – деді Астана әкімдігінің медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында «Астана Есіл» МКК директоры Қанат Алин.

Оның айтуынша, өзен вокзалы порттық тиегіш, блоктар мен қажетті шеберханалармен жабдықталады.

«Сондай-ақ  2015 жылы шілдеде Есіл өзені Қазақстанның кеме жүзетін өзендерінің реестіріне енгізілді. Сондықтан, біз бұл жаңалықпен мақтана аламыз. Жобаның тағы бір мақсаты – Есіл өзенінде қатынайтын өзен таксиін қолданысқа енгізу. Сыйымдылығы 8  адамдық шағын кемелер жолаушыларды Есіл өзінінің акваторийі шеңберінде қалаған жеріне жеткізетін болады», – деді ол.

ДереккөзNaryk.kz