ҰБТ қиын болған жоқ — түлек

Әлібек Арманға тестілеу қиынға соқпаған.

«Қиын болған жоқ. Барлық сұрақтар таныс. Жауап нұсқаларын белгілегенде қателесіп кетуден қорқытық. Сол себепті ұзақтау отырып қалдық. Қате сұрақтар кездескен жоқ. 100-ден жоғары балл жинаймын деп ойлаймын»,-деді ол.

Малика Сарина есімді түлек те тесттің күрделі болмағанын айтты.

Ал Ербота Наурызханова болса, «Сұрақтар қиын болды. Бірақ қате сұрақтар жоқ. Бүгін тест тапсырушылар да көп екен. Бір аудиторияда 90 адам отырдық»,-деді.

Түлектер тест тапсырып жатқанда ата-аналары да қатыт қобалжып тұрды.

«Балам оқуға түсе ме, түспей ме, білмеймін. Өзім де қобалжып тұрмын. Бүгін үлкен қызым тест тапсырып жатыр. Бұрын ҰБТ тапсырып көремедік»,- деді Дмитрий есімді ата-ана.

Ал, Қайыргелді Құлышев есімді ата-анаға ҰБТ таңсық емес. Былтыр ұлы тест тапсырса, биыл қызы тапсырып жатыр.

«Біз тестке бір жыл бойы дайындалдық. Қосымша сабақтарға қатыстық. Қызым Медициналық университетке оқуға түсуді армандап жүр. Біз оған қарсы келмейміз. Бірақ мемлекеттік емтихан мен ҰБТ бірінен кейін бірі болып, қызымды кішкене шаршатып жіберді»,-дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде жаңа форматты ҰБТ тапсырудың бірінші күні болып жатыр. Оған еліміз бойынша, 16 мың түлек кірді. Биыл барлығы 92 826 тест тапсырады.

ДереккөзInform.kz