Бүгін Астанада Ақмола облысының мәдениет күндері басталады

Облыс əкімі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша мәдениет күндерінің аясында Ақмола облысы филармониясының кәсіби ұжымдарының, облыстың ең үздік шығармашылық көркемөнерпаз ұжымдарының гала-концерттерін, кескіндеме суреттерінің, халық шығармашылық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жұмыстарының көрме-сатылымдарын, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсететін этноауылдағы театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар мен ұлттық спорт ойындары Астана тұрғындары мен қонақтарына ұсынылатын болады.

Бағдарлама бойынша өтетін іс-шаралар кестесі мынадай:

  • Ақмола облысы шығармашылық ұжымдарының «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты гала-концерті (Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің амфитеатры, 20 маусым, сағат 21.00 – 22.10)
  • Ақмола облысы Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы (Астана қ. әкімдігінің алдындағы алаң, 21 маусым, сағат 19.00-21.00)
  • «Ақмола жұлдыздары» атты гала-концерт, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі, «2017.EXPO.АКМОLA» әдеби саябақ («Отан қорғаушылар» монументі алдындағы «Парус» сахнасы, 23 маусым, 11.00-17.00);
  • Этноауылдағы театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шараларда Көкшетау қаласы мен Бурабай, Шортанды және Қорғалжын аудандарының көркемдік шеберханаларының шеберлері, шебер-класс көрсетумен «Блэк» ЖШС ұлттық нақыштағы табиғи заттардан жасалған жұмыстарын көрсетеді. («Қазанат» ипподромы, 22-25 шілде, 11.00-20.00);
  • Облыстық шығармашылық ұжымдарының «Дала сыры» атты концерті («Қазанат» ипподромы, 22 маусым сағ. 11.00 – 20.00);
  • М.Шахановтың повесі бойынша облыстық орыс драма театрының «Шыңғысхан» рок-операсы (этноауыл амфитеатры, 23 маусым сағат12.00-13.20);
  • Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының «Көкше әуендері» атты концерттік бағдарламасы (этноауыл амфитеатры, 24 маусым сағат 18.00-20.00);
  • Ш.Құсайыновтың «Анамның ақ көйлегі» драмасы, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры («Жастар» сарайы, 23 маусым, сағат 19.00);
  • «Бременские музыканты» балалар қойылымы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 21-25 маусым, сағат 11:00);
  • А.Островскийдің «Бесприданница» караоке – мелодрамасы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 22 маусым, сағат 19:00);
  • М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 23 маусым, сағат 19:00);
  • П.Морозованың музыкалық феериясы бойынша «Алые паруса» қойылымы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 24 маусым, сағат 19:00);
  • Е.Шварцтың «Дракон» трагифарсы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драмтеатры, 25 маусым, сағат 19.00).

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да