«Болашақ» бағдарламасының шарттары қиындады

Конференцияға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Мейіржан Алпысбай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зульфия Төребекова және Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің директоры Айман Әубакірова қатысты.

Зульфия Төребекованың айтуынша, 23 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары қабылданып, өзгерістер енгізілген:

  1. IELTS 6.5 және одан жоғары сертификаты, сондай-ақ GPA 3.3 және одан жоғары дипломы бар тұлғалар үшін «жалпы конкурс» жаңа санаты енгізілді. Үміткерлердің осы санаты үшін жұмыс өтілі мен жұмыс беруші өтінімінің болуына талап қойылмайды. Осы санат магистр дәрежесін алу үшін стипендиаттардың басқа санаттарымен қатар, 2 айға дейінгі мерзімде оқу алдындағы даярлықтан (pre-master’s) өту мүмкіндігін береді.
  2. Академиялық бағдарламалар (магистратура, докторантура, резидентура) үшін үміткерлердің барлық санаттарына бакалавр немесе маман дипломының орташа балына қойылатын талаптар 3.0-ден 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA деңгейіне дейін өзгертілді.
  3. «Магистратура» бағдарламасы бойынша үміткерлердің барлық үлестік санаттары үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейінің өлшемшарттары IELTS жүйесі бойынша 5.0 балдан 5.5 балға дейін көтерілді. Тек «инженерлік-техникалық мамандық» санаты бойынша үміткерлерге қойылатын талаптар бұрынғы деңгейде – IELTS 5.0 қалады.

2017 жылдан бастап конкурс 6 кезеңнен тұратын болады.

ДереккөзBaq.kz