«Қайрат» Еуропа лигасының бірінші кезеңінде «Атлантас» командасымен кездеседі

Еуропа лигасының бірінші кезеңінде Алматының «Қайрат» футбол клубы Литваның «Атлантас» командасымен кездеседі. Командалар арасындағы бірінші ойын 28 маусым күні Алматыда, 6 шілде күні Клапейд қаласында өтеді.

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубына Боснияның «Широки Бриег» командасы қарсылас атанды. Бірінші ойын – Шымкентте, қарымта кездесу 6 шілде күні Боснияда өтеді.

Биылғы маусымда «Ертіске» Болгарияның «Дунав» командасы қарсылас болды. «Ертіс» те бірінші ойынды өз алаңында өткізеді.

ДереккөзVesti.kz