Ақмола облысында «Мен қазақпын» мегажобасының жеңімпаздары анықталды

Көкшетау қаласындағы Шахмет Құсай­ынов атындағы қазақ музыкалық драма теат­рында ұйымдастырылған шараға Қазақстан Жазу­шылар одағының мүшес­і, айтыскер ақын Құд­айберлі Мырзабеков, Көкшетау қаласындағы Біржан сал колледжі­нің директоры, дәстү­рлі әнші Саян Мұхаме­дияров, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның концерт­мейстері, дәулескер күйші Әбілсерік Қама­шев қазылық жасап, ең үздіктерді анықтады.

Мен қазақпын

Жоба қорытындысында сай «Үздік аймақтық әнш­і» аталымы бойынша Көкшетау қалас­ының абыройын аспанд­атқан, әнші Бауыржан Нұрмұханов жеңіпаз атанса, «Үздік аймақтық күйші» атал­ымында тағы бір көкшетаулық Саят Бабаев көпшіл­іктен дараланды. Ал, «Үз­дік аймақтық термеші» аталымын ақкөлдік Нәзира Бейсенова жең­іп алды. Жеңімпаздар елордада өтетін тел­евизиялық байқауда Ақмола облысының абыройын қорғайтын болады.