Оразада шөлдемеу үшін не істеу керек?

Шәй, кофе, газдалған сусын ішпеңіз

Оларда кофеин мен химиялық қоспалар көп. Сол себепті шөлді басудың орнына, қайта-қайта шөлдете береді. Оның орнына су, көк шай, әртүрлі шөптерден тұндырылған шай ішуге болады.

Газды сусын

Өте ащы, тұзды, қуырылған, майлы және тәтті тағамдар жемеңіз

Қуырылған және майлы тағамдар өте баяу қорытылады. Ал, ащы немесе тұзды тағамдардан кейін ағзаға су қажет болуы себепті, шөл қысуы мүмкін. Рамазан айында бұл тағамдардан бас тартып, ас мәзіріне қырыққабат, сәбіз, картоп, кәді сияқты көкөністерді қосқан дұрыс.

Жеміс-жидек

Жеміс жемеңіз

Ауыз бекітер кезде алма, жүзім, апельсин, алмұрт сияқты жемістерді жемеген дұрыс. Өйткені, бұл жемістердің құрамында қышқыл көп. Күндіз шөлдетуі мүмкін.

су стақан

Тұзды су ішіңіз

Ауыз бекітерде бір шымшым тұз салынған бір кесе тұзды су ішсеңіз, организмнен су шығу үрдісі тежеледі.

Дереккөз Ummet.kz