Ақмола облысы: Медициналық мекемелерге 6 реанимобиль тапсырылды

Салтанатты шараға аймақ басшысы Мәлік Мырзалин қатысып, ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Кез-келген мемлекетте басты қазынасы- адам, ал, тұрақтылық пен гүлденуі оның денсаулығы. Сондықтан, денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаты-сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету», деп атап өтті Мәлік Мырзалин.

Шара барысында денсаулық сақтау саласынының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ медицина қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хаты және ведомстволық наградалармен марапатталды.