Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды

Облысы әкімінің өкімімен Жанболат Смайыловтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды. Ал, Марат Әубәкіров облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып бекітілді. Сонымен қатар, осыған дейін облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Арман Бердалин мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс департаментінің басшысы болып тағайындалды.