Су тасқыны: Зардап шеккендерге 50 млн. астам теңгенің көмегі көрсетілді-Ақмола облысы

Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегі арнайы ашылған қайырымдылық қорының есепшотына түскен қаржының бір бөлігі Атбасар, Сандықтау, Целиноград және Астрахан аудандарына су тасқынының зардаптарын жоюға жұмсалып отыр.
Биылғы жылдың 20 сәуірі- 07 маусымы аралығында «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің қайрымдылық қорының арнайы ашылған есепшотына 90 миллион 123 мың теңге қаржы түскен. Оның 30,5 миллион теңгесі Атбасар ауданына, 7,6 миллион теңгесі Сандықтау ауданына, 7,2 теңгесі Астрахан ауданына, 10 миллион теңгесі Целиноград ауданына бөлініп отыр.

«Қазіргі кезде қорда қалған 35 миллион 823 мың теңге қаржы бар. Қосымша түсіп жатқан қарыжының есебінен қор ақшасы одан сайын еселене түсуде»,- деді комиссия төрағасы Мейрамбек Қиықов.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың көктемінде су тасқынының салдарынан Ақмола облысының Атбасар қаласында 454 үй су басты. Осы күні оның 36 жарамсыз болса, 184-ші үй күрделі жөндеуді қажет етеді.

Сандықтау ауданында 257 тұрғын үй, Астархан ауданында 107 тұрғын үй, Целиноград ауданында 28 тұрғын үй суда қалғаны анықталды.