Басты бетЖаңалықтарҚазком банкі...

Қазком банкі сатылып кетті

Сату-сатып алу келісімшарттарына қол қою 2017 жылғы 2 маусымда ҚР Үкіметімен, ҚР Ұлттық Банкпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, Халық Банкі, «БТА Банк» АҚ және Қазкоммерцбанк пен К.Х.Рақышев мырзамен қол қойылған Шекті Келісіммен қарастырылған.

Осы Мәміленің аяқталуы алдын-ала қарастырылған бірқатар шарттардың орындалуына байланысты, олар:

  • «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның «БТА Банк» АҚ-нан жекелеген активтері мен талап ету құқығын сатып алуы;
  • БТА Банктің Қазкоммерцбанк алдындағы 2,4 трлн теңге шамасында саудалық берешегін өтеуі;
  • Н.С.Субханбердин мырзаға және «Орталық-Азия инвестициялық компаниясы» АҚ-на тиесілі Қазкоммерцбанктің акциялар пакетін К.Х.Рақышев мырзаның сатып алуы және кейін оларды Халық банкіге сатуы;
  • Қазақстанда бақылаушы органдардан стандартты және қолданылатын өзге де заңды рұқсаттарды алуы.

Аталған мәміле 2017 жыл ішінде аяқталады деп күтілуде. Ол жабылған соң Халық банк 96,8% үлесімен Қазкоммерцбанктің негізгі акционері болады.

 

ДереккөзNaryk.kz