«Биле, Қазақстан» жобасының екінші маусымына іріктеу басталады

Байқаудың негізгі кастингтері Қазақстанның үш қаласында өтеді: Астанада — 18 маусым, Шымкентте – 21 маусым, ал Алматыда – 24-25 маусым күндері өтеді. Іріктеуге 18 бен 60 жас аралығындағы кез-келген биші қатыса алады. Іріктеу айналымдарынан кейін 60 қатысушы арнайы жабдықталған үйге шақырылады. Онда танымал хореографтардың басшылығымен өнер көрсетуге жаттыға бастайды. Кезеңнің қорытындысы бойынша 14 байқауға үміткер (7 жігіт және 7 қыз) келесі айналымға өте алады.

Үшінші кезеңде он төрт байқауға үміткер жұп-жұпқа бөлініп, әр апта сайын көрермендер мен қазыларға түрлі жанрдағы би нөмірлерін (балет, контемпорари, хип-хоп, брейк-данс, джаз, бал билері және басқалары) көрсетеді. Қазыларды таң қалдыра алмаған қатысушылар жобадан кетеді.

Жоба негізгі мақсаты – еліміздің барлық тұрғындарын би билеп, салауатты өмір салтын ұстануға үндейді. Әлеуметтік жоба – би билеу арқылы қазақстандықтарды бірлікке, достыққа шақырады.

ДереккөзBaistars.kz