Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астанада такси тарифі көрсетілген табло пайда болды

Көрнекі сурет

Астана әуежайы мен «Нұрлы жол» вокзалына қойылған таблодан қандай бағыттарға қанша сомаға баруға болатыны көрсетіледі. Өйткені астаналық такси жүргізушілері екі рет шетел азаматын алдап, қомақты ақша алған.

Бірі әуежайдан оң жағалауға жеткізу үшін Венгрия азаматынан 40 мың теңге алып, кейін жұмысынан қуылды.

Ал тағы бір такси жүргізушісі Германиядан келген туристті әуежайдан Сәтпаев көшесіндегі қонақ үйге 16 мың теңгеге жеткізіп салған. Ол қазір іздестіріліп жатыр.

Мақалаға реакция

1 Пікір

  1. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Таблоны кай жерден алуга болад?