Ақмола облысында дəрі-дəрмек бағасы қымбаттамайды

Денсаулық сақтау басқармасының мəліметі бойынша Ақмола облысының əкімдігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті департаменті жəне денсаулық сақтау басқармасы Көкшетау қаласындағы фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын нысандармен бірлесе отырып, дəрі-дəрмек бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты –əлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындардың дəрі-дəрмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Меморандум үстіміздегі жылдың соңына дейін жасалған. Облыс орталығындағы дəрі-дəрмек сатушылар 105 түрлі дəрі-дəрмектің бағасын көтермеу туралы əлеуметтік жауапкершілікке алып отыр. Ішінара қабынуға қарсы жəне аурудың зардабын əлсірететін дəрі-дəрмекпен, антибиотиктердің кейбір түрлерінің сатылымдағы бағасын реттеу көзделген.

Бағасы тұрақтандырылатын дəрі-дəрмектердің тізімі Денсаулық сақтау министрлігінде бекітіліп, меморандумға қол қойған барлық жекеменшік дəріханалық ұйымдарда ілулі тұрады. Алдағы уақытта осы тектес жұмыс барлық аудандық
əкімдіктер мен сол өңірлерде тұрғындарға фармацевтика қызметін көрсететін жекеменшік дəрі-дəрмек ұйымдарының арасында жүргізіледі.